426,61 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын қайда жұмсады

  • 144
  • UPD: 11:29, 07.06.2021
Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын қайда жұмсады Turkystan.kz

33 мыңнан астам қазақстандық зейнетақы жинақтары есебінен «Отбасы банктегі» берешегін өтеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры хабарлады. Қор соңғы жарты жылда отандастарымыз жинаған ақшасын қандай мақсатта жұмсағанын айтып берді. Сонымен 26 мыңнан астам адам зейнетақы жинақтарын ипотекалық қарыздарын жабуға жұмсаған. 90 мыңнан астамы ипотекасыз баспана алған, ал 222 адам зейнетақы жинақтарына жер сатып алып, үй тұрғызған. Есепке сәйкес, еліміздегі 6 мыңнан астам адам зейнетақы жинақтарындағы ақшаны емделуге жұмсаған.

33 мың адам «Отбасы банктегі» берешегін өтеген ₸ 96 млрд 70 млн

26 мың адам ипотекалық қарыздарын жапқан ₸ 105 млрд 438 млн

90 мың адам ипотекасыз баспана алған ₸ 775 млрд  978 млн

222 адам жеке тұрғын үй салған ₸ 1 млрд 452 млн

6 мың адам емделуге жұмсаған ₸ 6 млрд 833 млн

Хабар 24 телеарнасы