Қазақстаннан үш айда 5 жарым мың адам кеткен

2021 жылдың үш айында елден 5500 адам кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, шекара асқандардың 4400-ден астамы Ресейге барған. Тағы 700-ден астам адам Германияны, ал қалғандары Израиль, Польша, Өзбекстан сияқты мемлекеттерді бетке алған. Қаңтар мен наурыздың аралығында Қазақстанға 2 мыңнан астам адам келген. Ресейден 850, Өзбекстаннан 518, Қырғызстаннан 125 жолаушы шекарадан бері өткен. Қалғандары Әзербайжан, Түркия және Қытайдан келген.

Еске салайық, былтыр аталған кезеңде елден 7 мыңнан астам адам кеткен екен.

Сондай-ақ...