ЕО қазақстандық авиакомпанияны «қара тізімге» енгізбеді

Еуропалық комиссия қазақстандық авиакомпанияларды Еуропалық одаққа ұшуға тыйым салынған авиатасымалдаушылар тізіміне енгізу үшін негіз жоқ деп шешім қабылдады.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді. Бұл көрсеткішке азаматтық авиацияны басқарудың британдық моделін енгізу және Азаматтық авиация комитеті жүргізген жүйелік жұмыс нәтижесінде қол жеткізген. Bek Аir әуе компаниясының апаты сарапшыларды алаңдатты. Десе де, қазақстандық авиакомпанияларды қара тізімге енгізбеді.

Айта кетейік, елімізде сертификатталған авиатасымалдаушылардың жағдайы егжей-тегжейлі қаралып жатыр.