Ақтаудағы түрмеде ақылы жоғары оқу орны ашылды

Маңғыстау облысындағы түрмеде жазасын өтеп жатқандар енді университетте оқу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД ГМ-172/6 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің сотталғандарына арнаулы орта ғана емес, жоғары білім алуға да мүмкіндік берілді. Сотталғандар Қазақстанның логистика және көлік академиясында қашықтан оқитын болады. Жоғары оқу орнына түсу үшін сотталғандар қарапайым абитуриентпен бірдей барлық процедурадан өтуі керек. Оқу ақылы, жылына – 400 мың теңге.

«Қазіргі уақытта 12 сотталған талапкер ЖОО-ға түсу емтихандарына дайындалуда, қабылдау комиссиясы жаздың соңында оларды қарауға кіріседі. Оқыту негізінен көліктік-техника мамандықтары бойынша жүргізіледі. Әкімшілік өз кезегінде біздің студенттерді табысты оқыту үшін техникалық қамтамасыз етуді дайындайды», – деді Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінен.