Еліміздің алты өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін оңтүстік пен батыста күн райы күрт бұзылады деп күтілуде.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Маңғыстауда бұршақ жауады. Түркістан мен Қызылорда облыстарында шаң көтеріліп, желдің жылдамдығы секундына 25 метрге жетеді. Алдағы 3 күнде ел өңірлерінің басым бөлігінде жауын-шашын жауады. Солтүстікте ауа температурасы түнде 3-8, күндіз 22 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.