Ақтаулық еріктілер жалғызбасты анаға көмектесті

Маңғыстау облысында еріктілер көпбалалы отбасының ескі үйін жөндеп берді.

Қабырғасы қақырап, едендері ыдырай бастаған үйде тұру қиындаған. Көптің көмегімен қаражат жинап, бас-аяғы бір жарым айда баспананы жаңғыртты. 5 баланың анасы Ирина Маринконың сыз тартқан аядай үйінде жылу мен су да болмаған. Еріктілер алдымен көгілдір отын жүргізіп, жылыту пешін орнатты. Су құбырын тартып, жуынатын бөлме салды. Үй жиһазын түгел алып берді. Сондай-ақ олар баласының біріне операция жасау үшін квотамен көмектескен.

Ілгек Бабаева, ерікті:

– Қиын жағдайдағы бес балалы анаға көмектестік. Біз бұл үйдің құжаттарын реттедік. Газ қондырдық. Қыс бойы өте салқын жерде өмір сүрген. Осындай істі атқарғанымызға өте қуаныштымыз

Ирина Маринко, ауыл тұрғыны:

Маған көмектескен жандарға алғысым шексіз. Қатты толқып тұрмын. Отбасымызға қуаныш сыйлаған барлық үлкен-кішіге рахмет айтамын. Қызыма да сәтті ота жасалды. Жомарт жандардың әлі де бар екеніне қуаныштымын. Жақсылықтарыңыз еселеп қайтсын.