Батыс Қазақстанда 21 тоннадан астам балық тәркіленді

Батыс Қазақстанда сәуір айының басынан бері браконьерлерден 21 тоннадан астам балық тәркіленді.

Оның төрт жарым тоннасы бекіре тұқымдас. Құқық қорғау органдары «Бекіре» балық қорғау акциясын қорытындылады. ІІМ қызметкерлері бірқатар  органдарымен бірлесіп 400-ден астам құқық бұзушылықты анықтады. Қазіргі уақытта сотқа сегіз қылмыстық іс жіберілді.