426,61 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да блок бекеттер жұмысы 19 маусымға дейін ұзартылды

  • 108
  • UPD: 15:19, 07.06.2021
ШҚО-да блок бекеттер жұмысы 19 маусымға дейін ұзартылды

Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы облысының шекарасындағы блок бекеттер жұмысы маусымның 19-ына дейін ұзартылды.

Бұл туралы облыстың Бас санитарлық дәрігерінің кешегі қаулысында мәлім болды.

Сәуір айының басынан бері Алматы-Өскемен тас жолы мен Жалаңашкөл бағытындағы жолдарда санитарлық бекеттер қойылған болатын. Мақсат – қауіпті індеттің таралуын тежеу. Сырттан келген жүргізушілер мен жолаушыларда ПТР сынамасының теріс нәтижесі немесе вакциналау туралы құжат болуы тиіс. Бұлар болмаған жағдайда олардың дене қызуы өлшеніп, арнайы тіркеуге алынады.

Қазір Шығыс Қазақстан облысы жасыл аймақта екенін естеріңізге сала кетейік.

Ардақ Тілемісова, медбике:

– Келген кісілердің температурасын өлшейміз. Қал-жағдайын сұраймыз, одан кейін вакцина мен ПТР сұраймыз да, тіркеуге аламыз. Сондай жағдай тіркелген жоқ. Қазір адамдардың 50%-інде вакцина бар, ПТР-тестілер толық бар. Автобустардың барлығын тіркеп отырамыз. Автобус иелері жауапкершілікті өздеріне алады.

Жандос Шәкер, жолаушы

– Вакцинаны өз еркіммен аламын, бірақ менде ПТР тест бар. Сұрады, оны көрсеттім. Дұрыс қой негізі. «Сақтықта қорлық жоқ» дегендей, міндетті түрде болғаны дұрыс. Сақтансаң, бәрі жақсы болады.

Хабар 24 телеарнасы