Қарағанды облысында құтқарушылар біліктілігін арттырды

Қарағандылық сүңгуірлер Приозерск қаласында екі апта бойы партада отырып, теориялық тұрғыда суға кетіп бара жатқандарды аман алып қалудың тың жолдарын үйренді.

Жедел-құтқару жасақтарының жиынына 35 құтқарушы қатысқан, оларға отандық және шетелдік мамандар сабақ берді. Үйренген дағдысын практикалық тұрғыда көрсету үшін Балқаш көлі мен арнайы бассейнде тапсырмалар орындау керек. Мысалы, іс жүзінде түрлі ауырлықтағы техниканы да шығару керек кездер болады. Жаттығу барысында осындай жағдайлардағы дағдыны жетілдіру үшін арнайы тапсырмаларды орындау тапсырылды.

Мейрамбек Досымбетов, құтқарушы:

– Керек мәліметтер алып жатырмыз. Су асты іздеу, техникалық жұмыс жүргізу. Мысалы, су астында трубалар орнату, аралу жұмыстары, сол сияқты гидравликалық құрылғылармен жұмыс істеу бойынша сабақ алдық.