Алматыда халықтың 16 проценті вакцина салдырды

Алматыда коронавирус індетін жұқтырудың тәуліктік көрсеткіші 6 есеге азайды. Ұжымдық иммунитет 21 процентті құрады.

Бұл туралы қаланың мемлекеттік Бас санитарлық дәргері Жандарбек Бекшин мәлімдеді. Қалада мамыр айының басында қауіпті инфекция 600-ден астам адамнан анықталса, кеше 143 тұрғыннан шыққан. Қала бірінші маусымнан бері «сары аймаққа» өтті. Дегенмен, эпидемиологиялық жағдай тұрақталды деп айтуға әлі ерте.  Жандарбек Бекшин сондай-ақ ертеңнен бастап күшіне енетін жаңа қаулыныда түсіндіріп өтті. Енді 50 адамға қонақ асын беруге болады. Боулинг және бильярд залдары 50 процент клиент қабылдай алады. Театр мен кинотеатрларға орын санының 40 процентіне көрермен кіргізуге рұқсат берілді. Сондай-ақ, кезекші топтар мен офлайн режимде жұмыс істеушілердің қатарын арттыруға рұқсат беріліп отыр. Жалпы қала тұрғындарының 16 проценті коронавирусқа қарсы вакцина салдырған. Дегенмен, базар, саябақ секілді қоғамдық орындарда медициналық бетперде кию талабы бұрынғысынша қала береді.

Сондай-ақ...