Арал теңізі БҰҰ-ның жіті бақылауында болады

2030 жылға дейін Арал теңізі Біріккен Ұлттар Ұйымының жіті бақылауында болады. Теңіздің тартылған табаны шөлге айналып, халықтың денсаулығына кері әсерін тигізетін экологиялық апатқа айналды.

Енді «Эко-Даму» бағдарламасы аясында сексеуіл егу мен басқа да жобалар жүзеге асады. Бұл туралы Ұйымның Қоршаған орта бағдарламасы өңірлік кеңсесінің басшысы Айдай Құрманова айтты. Биыл ауыл тұрғындарына биоалуандықты сақтау үшін 275 млн теңгеге несие беріледі. Бұл Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері мен жергілікті инвесторлардың қолдауымен жүзеге асады. Жобаның қолдауымен Қазақстанда 8 ерекше қорғалатын аймақ құрылды.

Сондай-ақ...