426,83 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Арал ауданына 200 тонна шөп жеткізілді

  • 142
  • UPD: 20:34, 07.06.2021

Қуаңшылықтан 500-ге тарта мал басы шығын болған Арал ауданына 200 тонна жем-шөп жеткізіліп, нарық бағасынан 10 процент арзан сатылды.

Олардың дені теңізді өлкенің шалғай ауылдарындағы шаруаларға үлестірілген. Мәселен, Сырдария ауданынан жоңышқа артқан 9 жүк көлігі Қамыстыбас ауылдық округіне келді. Бірінші кезекте қолында мал ұстайтын тұрғындар үйлеріне түсіріп алды. Ал өңірдегі ірі шаруашылықтар мал азығын дайындайтын кәсіпкерлермен тікелей келісім жасауды бастаған. Аманөткел ауылы маңына Жалағаш және Қармақшы ауданының шаруалары келіп жетті. Мұнда шөппен бірге 20 тоннаға жуық жем әкелінген. Бүгінде ауданда 234 мың мал басы тіркелсе, оған қажетті шөп қорының көлемі 7 мың 520 тоннаны құрап отыр. Қазіргі таңда көршілес Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы мен Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы аудандарындағы шаруашылықтармен шөп тасу бағытында келісім жасалып жатыр.

Асқар Сералиев, Аманөткел ауылының тұрғыны:

- Осы шөптен әйтеуір алып жатырмыз. Рақмет жігіттерге. Бағасы да тиімді. Болады халыққа, әйтеуір жеңілдік жасап жатыр.

Нұржау Ділмағамбетов, Қамыстыбас ауылдық округінің әкімі:

- Бұл жәрменкені ұйымдастыру алдағы уақытта да жалғасын табады. Себебі бұдан кейін бізде қамыс шөптер болады. Мінеки тағы да жем келіп жатыр. Осы күріштің жемі 40 келілік қабы 2 мың 600 теңгеден. Ол да қазіргі таңда халыққа тиімді болып тұр.

Хабар 24 телеарнасы