427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавл халқы тоғаннан келетін жағымсыз иістен құтылады

  • 86
  • UPD: 20:30, 07.06.2021

Петропавл тұрғындары жағымсыз иістен құтылады. Күн жылыса шаһар іргесінде орналасқан биотоғаннан күкүртсутек ауаға көптеп бөлініп, қолқаны қабатын.

Мамандар күрмеулі мәселенің шешімін тапты. Қаланың кәріз сулары ағатын жасанды көл биологиялық әдіспен тазартылады. Яғни суға хлорелла балдырлары жіберіледі. Жоба екі жылға жоспарлаған. Жұмыс биыл басталады. Аталған биотоғанда 70 жылдан астам уақыт тазарту жұмыстары мүлдем жүргізілмеген.

Ербол Нәбиев, Сумен жабдықтау кәсіпорны су бұру кешенінің басшысы:

- Бұл шаруаларды жүргізу үшін хлорелланы жеке қаражатымызға сатып аламыз. Биыл 20 миллион теңгедей қаржы бөлеміз. Қазір өнімді сататын компаниямен келісім-шарт жасасып жатырмыз. Осылайша келер жылы бұл мәселе толықтай шешіледі деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы