425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында соңғы бір айда 60 адам оқшаулану тәртібін бұзған

  • 169
  • UPD: 20:22, 07.06.2021
Ақмола облысында соңғы бір айда 60 адам оқшаулану тәртібін бұзған

Ақмола облысында соңғы бір айдың ішінде 60 адам оқшаулану тәртібін бұзған. Олар «Ашық» қосымшасы арқылы анықталды.

Әзірге мамандар ескертумен ғана шектеледі. Ал 10 маусымнан бастап көпшілік орындарға барған «қызыл санаттағы» тұлғаларға айыппұл салынады. Себебі аймақта карантин талаптарын сақтамайтындар көп. Басым бөлігі көпшілік іс-шараларын өткізетіндер. Мәселен, соңғы аптада осындай 16 дерек тіркеліп, тәртіп бұзған тұрғындарға 5 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Облыста қазір 228 мониторинг тобы күнделікті жұмыс істеп жатыр.

Айнагүл Мусина, облыстың бас санитар дәрігері:

- Рейдтер тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Осы жылдың өзінде 20 мыңға жуық нысан тексеріліп, олардың 400-інен заң бұзушылық анықталды. Мәселен, өткен аптада Целиноград ауданында 50-ден астам адам демалыс орындарының бірінде іс-шара өткізген. Сондай-ақ Көкшетау қаласында да 50-ден көп адамды жинап, ас берген жағдайлар тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы