427,23 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда қаптамасы сыпырылып түскен үй жөнделіп жатыр

  • 109
  • UPD: 21:11, 07.06.2021
Ақтауда қаптамасы сыпырылып түскен үй жөнделіп жатыр

Ақтауда 15 күн бұрын қаптамасы сыпырылып түскен 30-шағын аудандағы үй жөнделіп жатыр. Әкімдіктен бөлінген қаражат есебінен 169-үйдің сырты соңғы үлгідегі термопанельдермен қапталады.

Қазір 16 жұмысшы құрылыс орнында күні түні еңбек етіп жүр. Жоспар бойынша 2 ай ішінде бітуі тиіс. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін ажыратылған газ әлі күнге дейін қосылмаған. Сондықтан жұрт жұмыстың тезірек аяқталуын күтеді.

Әлібек Дүйсен, мүлік иелері бірлестігінің басшысы:

- Барлық көршілер электроплитамен отыр. 1-2 айдың арасында бітеді деп қуанып отырмыз. Қазір жаңа технологиямен жасап жатыр, менплита, отқа жанбайтын материалмен қаптап, зонтик дейді ғой қосымша, сонымен қаптауда. Бұйырса, әдемі дом болады деген үміттеміз.

Бүгін әлеуметтік желіде Ақтаудағы тағы бір үйдің қаптамасы түсіп жатыр деген ақпарат қызу талқыға түсті. 17-шағын аудандағы 44-үйдің сыртын тұрғындар видеоға түсіріп, желіге жариялаған. Оқиға орнына барған тілшілерге пәтер иелері кооперативінің басшысы қаптаманы әдейі алып тастағанын жеткізді. Құлағалы тұрған панельдер ауыстырылады дейді.

Нұрбол Дүйсалиев, пәтер иелері кооперативінің басшысы:

- Үйлерді салған құрылыс мекемесінің басшыларымен комиссия құрып, тексеріп фасадын үйдің, ақау бар жерді қайта жасау туралы шешім қабылданды. Қазіргі кезде толық жұмыс жүріп жатыр. Ешқандай құлап жатқан жоқ, айтылып жатқан жағдай жалған ақпарат.

Хабар 24 телеарнасы