427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында 30 шақты жазғы сауықтыру лагері оқушыларды қабылдауға дайын

  • 105
  • UPD: 08:27, 08.06.2021
Алматы облысында 30 шақты жазғы сауықтыру лагері оқушыларды қабылдауға дайын

«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз», демекші, Алматы облысында 30 шақты жазғы сауықтыру лагері оқушыларды қабылдауға дайындалып жатыр.

Биыл өңірдегі мектеп оқушыларының 60%-і келуге бекініп отыр. Сауықтыру нысандардың бірі Қапшағай қаласында орналасқан. Мекеме қазір қызу жұмыс үстінде. Көгалын сайлап, ауласын тазартып, электр желілерін тексеріп, ретке келтіруде. Өрт қауіпсіздігі жөнінде кеңес өтіп, сала мамандары бағыт беріп, жөн сілтеді. Ғимарат ішін санитарлық талапқа сай дезинфекциялау жұмыстары жүргізіуде. Сақтық шараларын күшейту мақсатында қызметкерлердің 95%-і коронавирусқа қарсы вакцина алды. Ал, оқу-сауықтыру орталығы биыл бес ауысымда 1250 баланы қабылдауды жоспарлап отыр.

Мұрат Кемалұлы, оқу-сауықтыру орталығы бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы:

- Дайындық барысында құмнан проба алынды. Балалар түсетін аймақтың барлығы тексеріліп жазға дайын деуге болады. Басқа облыстардан келген балалардан ПЦР тест міндетті. Сол ПЦР анализбен орталыққа кіргіземіз. Және орталыққа кірген кезде балалардың температурасы өлшенеді. Солай біз балаларды орталыққа қабылдап аламыз.

Хабар 24 телеарнасы