Елордалық полицейлер үйректерді құтқару үшін ерекше операция өткізді

Елордалық полицейлер үйректерді құтқару үшін ерекше операция өткізді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласының ПБ-ның «102» нөміріне сағат 20:40-та елорда тұрғыны хабарласып, полиция қызметкерлерінен Байтұрсынов көшесі бойында жүрген үйректерге көмектесуді сұрады. Елорда тұрғыны Татьяна Зигельдің айтуынша, аялдаманың жанында үйректер кенеттен пайда болған. Әйел құстарды өз бетінше құтқарғысы келгенімен, еш нәтиже шықпаған, сондықтан ол полицияға жүгініпті. Бірнеше минут ішінде оқиға орнына патрульдік полиция полкінің қызметкерлері келді.

 Тәртіп сақшылары үйректерді қорапқа жинап, Есіл өзеніне жіберді.