Елордалық полицейлер үйректің балапандарын құтқарды

Елордалық полицейлер ерекше құтқару операциясын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы олар жол бойында жүгіріп жүрген үйректің балапандарын құтқарды. Аялдама жанындағы шөжелерді әуелі қала тұрғыны байқап, тәртіп сақшыларына қоңырау шалған. Олар жедел жетіп, балапандарды ұстап, қорапқа жинаған. Тәртіп сақшыларына тұрғындар да көмек берген. Балапандар Есіл өзенінің жағалауына жіберілді.