426,04 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да терек мамығынан шығатын өрт жиіледі

  • 96
  • UPD: 15:45, 08.06.2021
СҚО-да терек мамығынан шығатын өрт жиіледі

Солтүстік Қазақстан облысында терек мамығынан өрт жиіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, соңғы екі тәулікте Петропавлда 50 шақырту болған. Төтенше жағдай қызметкерлерінің айтуынша, тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ. Қазір қалада аптап ыстық басылып, терек ұлпасы бүр жарды. Соның салдарынан айнала ақ мамыққа оранып, тұрғындарға қолайсыздық туғызып жатыр. Әсіресе, аллергиясы бар адамдарға қиын. Жалпы жыл басынан бері облыс бойынша 300-ден аса өрт болып, 31 адам қаза тапты.

Дмитрий Растихин, ТЖД басқармасының бастығы:

- Сонымен қатар ата-аналарға хабарлаймыз: қазір балалар каникулға шықты. Өкінішке қарай, терек мамығын қызық үшін өрттейтін солар. Оның арты орны толмас қайғымен аяқталуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы