Қарағандыда «Шексіз мүмкіндіктер әлемі» атты қайырымдылық көрмесі өтті

Қарағандыдағы тарихи-өлкетану мұражайында «Шексіз мүмкіндіктер әлемі» атты қайырымдылық көрмесі өтті.

Бірінші топтағы мүгедек Татьяна Горшкованың қолынан шыққан 22 үздік туынды жұрт назарына ұсынылды. Игі шараны ұйымдастыруға белгілі кәсіпкер Мұрат Жадаев мұрындық болған. Татьяна жан соңғы жылдары біржола шығармашылыққа бет бұрған. 50-ге жуық туындының авторы. Оның тең жартысын көрмеге әкеліп, сатылымға қойды. Одан түскен қаржы Татьянаның еміне және шығармашылығын дамытуға жұмсалмақ. Туындылар түрлі тақырыпты қамтиды. Басым бөлігі алмазды мозайкамен жасалған.

Николай Блатун, Татьянаның атасы:

- Татьянаға шығармашылықпен айналысқан өте ұнайды. Соның арқасында кейінгі жылдары денсаулығы көп жақсарып қалды. Алмазды мозайканы құрап шығуға үлкен шыдамдылық, сабыр керек. Ол тәулік бойы тапжылмай отырып жасайды. Туындыларын жұртшылықтың тамашалағаны, баға бергені оған үлкен қуаныш сыйлайды.