426,83 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда терек мамығының өртенуі жиіледі

  • 86
  • UPD: 22:34, 08.06.2021

Солтүстік Қазақстан облысында терек мамығынан шығатын өрт жиіледі. Соңғы екі тәулікте төтенше жағдайлар қызметіне 50 шақырту түскен. Қазір қалада терек ұлпасы бүр жарып жатыр. Мамандардың айтуынша, оны өртеп ойнайтындар көп. 

Петропавлдың биылғы жазы жылдағыдай емес. Мамыр айы ыстық болды. Аптап күндерден кейін қала ақ мамыққа оранып, жан-жаққа ұшып, адамдардың мазасын алып жатыр.

Ботагөз Әлібекова, қала тұрғыны:

- Мен ойлаймын, что кедергі. Дем алғанда мұрныңа кіріп кете береді. Көзіме де кіріп келе жатыр. Міне қағып жатырмын. Мне вообще тополиный пухты, топольді мне кажется нетіп тастау керек, кесіп тастау керек былай.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Қазір терек ағаштары жаппай бүр жарып, ақ мамығы жерге құлап жатыр. Бұл кезде оны жағып, қызық көретіндер көп. Бірақ ойыннан от шығатынын түсінетіндер аз.

- Это говорю же пух подожгли. Это там где-то...

- Міне мысал. Бір тал сіріңке немесе темекі тұқылынан тұтанған өрт баспахананы шарпыды. Осыған ұқсас тағы бір жағдай: бір адам аула алдындағы мамықты жағып, бүтін бір үй жанып кете жаздады.

Жанат Жұмажанов, қалалық ТЖБ Бас маманы:

- Өрттің салдарынан үйдің қорасы мен шатыры, асүйдің қабырғасы мен дәлізі жанып кетті. Шығын көлемі 3 млн теңге. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір мамандар тұрғындарға ескерту жасап жүр. Терек мамыр-маусым айларында мамық шашады. Жыл басынан бері Петропавлда оның 150 түбі кесілді. Олардың кейбіреуі иіліп, адам өміріне де қауіп төндіріп тұр.

Авторлар: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы