427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Теміртау тұрғыны бэтмобиль құрастырды

  • 80
  • UPD: 23:58, 08.06.2021
Теміртау тұрғыны бэтмобиль құрастырды

Теміртау қаласының тұрғыны Евгений Бондаренко бэтмобиль құрастырып шығарды.

Әйгілі «Бэтмен» фильміндегі көлікті жасап шығу үшін үш жыл кеткен. Әр қосалқы бөлшегін қолдан жоныпты. 30 жастағы азамат өзінің бала күнгі арманын жүзеге асырған. Енді ол ешкімде жоқ ерекше машинасын табыс көзіне айналдыруды көздейді. Бейнебаян түсіруге, фотосессия жасауға пайдалансам дейді. Евгений көлік шебері болып еңбек еткен, қазір автокөлік бөлшектерін сатумен айналысады. Келешекте ол жол талғамайтын, қысы-жазы жүретін көлік жасауды жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы