Түркістан облысында жоғалған туристердің екеуінен әлі хабар жоқ

Түркістан облысында жоғалған туристерді іздеу жұмыстары тоқтамайды.

Әдетте іздестіру шаралары 10 күнге созылатын. Алайда жергілікті төтенше жағдай қызметі іздеу операциясын әлі жалғастырады. Құтқарушылар, шекарашылар мен еріктілер тобы 2 апта ішінде мың шақырымнан астам жерді сүзіп шықты. Тікұшақ және ұшқышсыз басқарылатын қондырғының көмегімен  9 500 шақырым аумақ тексерілді. Алайда тауға кеткен жеті саяхатшының екеуінен әлі хабар жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Өгем өзені бойынан туристердің жеке заттары табылған еді. Құтқарушылар оны полицияға тапсырды.

Осы тақырып бойынша өзге материалдар: 

Түркістан облысының ұлттық табиғи паркінде жеті адам іздестірілуде

Түркістан облысында төрт адамды іздестіру жалғасуда

Түркістан облысында тауда жоғалған туристерге қатысты тергеу басталды

Тауда жоғалған туристерді іздеуге Өзбекстанның ТЖМ жұмылдырылды

Түркістан облысында із-түзсіз жоғалған туристерді іздеу жалғасуда

Түркістан облысында адасып кеткен үш турист құтқарылды

Түркістан облысында тауда жоғалған жеті жігіттің үшеуі табылды