Ақмола облысында күн жылынғалы бері үш адам суға кеткен

Көкшетауда Қопа көлінің жағалауы тексеріліп жатыр.

Бұл шараны полиция қызметі мен құтқарушылар қолға алды. «Басты мақсат – келушілердің қауіпсіздігі», – дейді мамандар. Себебі су айдынында қарапайым ережелерді сақтамайтын, белгіленбеген аумақта суға түсетіндер көп. Ішімдікке сылқия тойып, өзгенің мазасын алып қана қоймай, өз өмірін қауіпке тігетіндер көп. Мәселен, бір күнгі рейд кезінде 5-6 мас адам ұсталып, оларға айыппұл салынды.

Айта кетейік, Ақмола облысында күн жылынғалы бері 3 адам суға кетті. Олар рұқсат етілмеген жағалауда шомылған. Осындай оқыс оқиғаларды болдырмау үшін апта сайын рейд өткізілетін болды.

Әділет Серік, қалалық ТЖБ өкілі:

– Адамдардың өмірлерін сақтап қалу үшін олардың назарларына барлық ережелерді ұсынып жатырмыз. Сондықтан барша азаматты су жағасында, жабдықталмаған жерлерде жалғыз шомылмауға, балаларды қараусыз қалдырмауға, ішімдік ішпеуге шақырамыз.