Қазақстанда тұрақтандыру қорларында 20 мың тонна азық-түлік бар

Елде азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін сауда желілеріне 33 миллиард теңге субсидия бөлінді.

Қаржы жергілікті бюджеттен алынған. Алдағы уақытта бұл сумма 50 миллиардқа жеткізіледі. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайлов мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде өңірлік тұрақтандыру қорларында 20 мың тонна азық-түлік бар. Бұған қоса 36 тонна тауарды сатып алуға келісім шарт жасалған. Ауылшаруашылық өнімдерін арттырып, ішкі нарықты азық-түлікпен қамту үшін ауылшаруашылық министрлігіне қосымша 30 млрд теңге берілді.