426,61 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында жөнделген жол бір жылға жетпей бүлініп жатыр

  • 68
  • UPD: 14:27, 09.06.2021

Халық қазынасы есебінен салынған жол бір жылға жетпей қирап қалды.

Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында былтыр төселген асфальт опырылып түсті. Көктемгі су тасқынына шыдас бермей, көшенің әр жері ойылып, жаяу жүргінші мен көлікке қауіп төндірген.

Тілеулі Досжанов Сәкен Сейфуллин атындағы көшеге 1993 жылы қоныстанған. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары жолы түзу, шамдары жарық болатын еді дейді. Артынша кеңестік кезеңде салынған асфальт әбден ескіріп, күрделі жөндеу тек былтыр ғана жасалған. Алайда көше тұрғындарының қуанышы ұзаққа созылмапты.

Тілеулі Досжанов, Қандыағаш қаласының тұрғыны:

Ала жаздай жатты ғой. Күзде бітті. Күзде бітірген болды. Сонымен биыл көктемде бәрі құлады. Қайта салып жатыр енді. Мынау жол болмайды. Салған асфальттары үгітіліп жатыр. Әне, ортасын көрдіңіздер ме? Мынаның барлығы ойылып, төмен түсіп кетті.

Аудан орталығындағы жолдарды жөнге келтіру үшін республикалық бюджеттен былтыр 70 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді. Қандағаштағы 6 көшеге асфальт төселіп, олардың екеуінде кәріз жүйелері жаңартылған. Құбырлары жаңадан салынған тұстар алғашқы көктем суына шыдас бермей, ойылып кетіпті. Сондықтан мердігер мекемеге қираған жолды қайта жөндеу міндеттелген.

Талғат Өтемұратов, Қандыағаш қаласының әкімі:

– 2 жыл гарантиясы бар. Мердігер келісімшартқа байланысты өз жұмыстарын қалпына келтіреді. Жұмыстарын бастап кетті. Оның ішінде міне щебенін төседі, грунтын төседі, қазіргі таңда бәрі жасалып жатыр.

Жергілікті билік өкілдері мердігерлерді қатаң бақылауға аламыз дейді. Ал биыл Қандыағаш қаласының жаңадан бой түзеген Самал ауданында 3 шақырымға жуық жол салынуы тиіс. Бір қызығы, бұл жұмыс та өткен жылы Сәкен Сейфуллин атындағы көшені жаңартқан серіктестіктің мойнына жүктеліпті.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков

 

 

Хабар 24 телеарнасы