Қазақстанда қандай жолдар ақылы болады?

Елде бірінші санаттағы жолдар ақылы болады.

Сонымен биыл «Батыс Еуропа – Батыс Қытайдың» Қайнар-Тараз, Тараз-Шымкент, Шымкент-Қызылорда, Шымкент-Ташкент, сонымен қатар Щучинск-Көкшетау, Капшағай-Талдықорған, Нұр-Сұлтан-Павлодар, Ақтау-Жетібай-Жаңаөзен аумақтарында жүргендер ақша төлеуге міндетті. Қазір бұл жерлердің сапасын арнайы жұмыс тобы тексеріп жатыр.

Атап өтейін, жол ақысы 2013 жылдан бері келе жатқан тариф бойынша төлене береді. Жеңіл көлік тізгіндегендер 1 шақырымға 1 теңге, автобус жүргізетіндер әр шақырым үшін 5-тен 15 теңгеге дейін төлеуі керек. Ал жүк көлігіне арналған тариф оның салмағына қарай 5-тен 25 теңгеге дейін бекітілген. Ақылы жол бойында демалыс орны, автотұрақ, қонақ үй, дәретхана, супермаркет сынды қажетті инфрақұрылымдар болады.