Нұр-Сұлтанда қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салынды  

 

Нұр-Сұлтанда эпидемиологиялық жағдай қолайсыз. Сондықтан шаһарда бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.

Енді форумдар мен конференцияларды, отбасылық іс-шараларды, семинарларды, жиналыстарды, ұтыс ойындары мен акцияларды ұйымдастыруға болмайды. Бұл туралы қаланың Бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады. Мұндай жиындарды тек онлайн өткізуге рұқсат. Бейсенованың айтуынша, эпиданамнезде коронавирус жұқтырғандардың 47%-і адам көп жиналатын орындарға бірнеше рет барғанын атап өткен.

Ал науқастардың 29%-і коронавирус инфекциясын үйде жақындарынан жұқтырған. Бас санитар дәрігер, әкімшілік кодекске сай инфекция жұқтырып, бірақ оқшаулану тәрітібін сақтамай жүрген азаматтарға 87 мың 510 теңге айыппұл салынатынын ескертті. Бұл ереже 10 маусымнан бастап күшіне енеді. Айта кетейік , қазір қаланың 9 ірі сауда-ойын-сауық орталығы мен сауда үйлерінде вакциналау пункттері жұмыс істеп тұр.

 Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігері:

– Қазіргі уақытта қалада инфекцияның белсенді ошақтары – 1551. Оның ішінде, үй ошақтары 1214. Медицицналық бақылауда – 4116.Және байланыста болған адамдар бар. Қазіргі уақытта елорда тұрғындарының 14,3 пайызы ковид-19-ға қарсы вакцинаның, ең болмағанда бір дозасын алды. Бұл дегеніміз – біз жаппай иммунитетке қол жеткізуге күн сайын бір табан жақындап келе жатырмыз деген сөз.