Оралда нөсер жауынның салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірер күн бұрын болған қатты жауыннан кейін қалада 9 мыңдай абонент жарықсыз қалып, біраз тұрғын үйді су алған еді.

Электр желілері екі күннен кейін қалпына келтірілді. «Жауыннан кейін өтпе жолдар мен тротуарлар астындағы топырақ опырылып, жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысына кедергі келтіргені рас. Бұл ретте мердігерлердің асфальт астындағы топырақты нығыздау жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізбегенін көріп отырмыз. Қазір барлық нысан бойынша келтірілген шығын көлемін тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – дейді қала басшылары.

Мирас Мүлкәй, қала әкімінің орынбасары:
– Бұдан басқа Абай даңғылы бойынша және қаланың басқа шағын аудандарында кәріз желілері маңындағы және жол жиегі және жүру жиегінде опырылулар болды. Абай даңғылында бізде 5 опырылған жер бар. Сәйкесінше, неге опырылды деген сұрақ пайда болды. Нөсер жаңбыр кесірінен су әкету коллекторы толып, сол жердегі құдықтардан су ағып, іргедегі топырақты шаю фактілері болды. Опырылу фактілері бойынша бүгінгі таңда бәрі қалпына келтірілді.

 

Сондай-ақ...