Жамбыл облысында мұғалімдердің 60%-і вакцина салдырды

Жамбыл облысында 120 мыңнан астам адам ковидке қарсы екпенің бірінші компонентін салдырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жалпы халықтың 21%-і. Қазір өңірде 42 екпе орталығы жұмыс істейді. Бүгін Тараз қаласындағы №12 мектеп-гимназиясы ғимаратынан тағы бір вакцина бекеті ашылды. Аймақта мұғалімдердің 60%-і екпе алып үлгерген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, күзге дейін 600 мыңға жуық жамбылдық екпе салдырады деген жоспар бар. Мамандар қажет болған жағдайда тұрғындардың үйіне барып та қызмет көрсетуге дайын.

Әсет Қалиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Қозғалысы шектеулі тұрғындарымыз бар. Біз соларға үй жағдайында вакцинация жасау процесін жүргізіп жатырмыз. Әрине, көп емес. Келісім бойынша күніне 7-8 адам орташа үй жағдайында вакцина алып жатыр.