Шымкенттік прокурорлар қылмыстық істерді қарау мерзімін жеделдетті

Соңғы уақытта 3 буынды модель мүмкіндігі аясында қағазбастылық азайып, апталап жататын істер жылдам қарала бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда сот төрелігінің үш деңгейлі моделін қалыптастыру туралы тапсырмасынан кейінгі мүмкіндік», - дейді. Қадағалаушы орган өкілдері жыл басынан бері жаңа форматта азаматтардың құқықтарына әсер ететін 10 мыңнан астам шешімді дер кезінде зерделеп, 2 мыңға жуық істі сотқа жолдаған. Бұл прокуратура, полиция және сот арасындағы өкілеттікті бірізділікке түсіруге бағытталған оң қадам.

Нұржан Сейдалиев, қала прокурорының бірінші орынбасары:

- Прокурорларға азаматтардың конституциялық құқықтарына әсер ететін негізгі шешімдерді келісу және бекіту жүктелді. Бұл өзгерістер прокурорларға құқық қорғау органдарының қабылдаған шешімдерін онлайн түрде бақылауға мүмкіндік берді және прокурорларға қадағалауды арттырды. Нәтижесінде ағымдағы жылдың 5 айында бірде-бір азаматтың конститутциялық құқықтарының бұзылуына жол берілмеді.