427,01 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда әскери техниканы жөндейтін заманауи сервистік цех ашылды

  • 87
  • UPD: 23:22, 09.06.2021

Ол Қорғаныс министрлігінің қару-жарақты сақтау және жөндеу орталығы базасының аумағында орналасқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Цехта әскери тегеурінді техникалар қалпына келтіріледі.

Заманауи сервистік жөндеу орталығының жалпы аумағы 900 шаршы метр. Цехта әскери техника, оқ атуды басқару жүйесі, қару-жарақ, қондырғылар мен жүріс бөлігі, электр байлыныс жабдықтары жөнделеді. Орталық жұмысы ойдағыдай болса әскери сауытты техника мен артилериялық-зымыран кешендерін енді Семейдегі зауытқа апарудың қажеттігі болмайды. «Сөйтіп, жөндеуге кететін бюджет қаржысы мен уақыт үнемделеді», - дейді әскерилер.

Ринат Сейсенбаев, Жөндеу және қалпына келтіру батальонының командирі:

- Броньды танк техникасын жөндеуге арналған цехтың ашылуы ең біріншіден, біздің ҚР Қорғаныс министрлігі және де әскери бөлімдердегі бізде сапта тұрған сауытты техниканың ұдайы істен шығуына байланысты қысқа мерзімді уақытта, тез аралықта сапалы, жақсы қызмет көрсету орталығы болып табылады.

Жоспарға сәйкес жылына бұл орталықта 50 танкі, 20 жаяу әскердің ұрыс машинасы, 80 сауытты транспортерді жөндеуге болады. Сондай-ақ жөндеуге қажетті заманауи құрылғыларды әскери атыс алаңдарына апаруға, сарбаздарды үйретуге мүмкіндік бар.

Ринат Сейсенбаев, Жөндеу және қалпына келтіру батальонының командирі:

- Осы біздің сауытты танк техникасын жөндеу цехінің ең бір маңызды сапасы жағынан айтып өтетін болсақ. Бұл цехтің жұмыс істеу қарқыны 10-15 тәуліктің ішінде сауытты танк техникасын жөндеп, қалпына келтіріп, жұмыстарын жүргізе алады.

Осы уақытқа дейін Құрлық әскерінің істен шыққан техникаларын жөндеумен және өзге де қызмет түрлерін көрсетумен қорғаныс саласымен келісімі бар өндірістік мекемелер ғана айналысып келген еді. Енді бұл жұмысты негізінен тәжірибесі бар білікті әскери мамандар істейді. Бұған қоса қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу қарастырылып жатыр. Қорғаныс министрлігі әскери техникаға қажетті бөлшектер мен құрастырушы саймандарды өздері сатып алуды көздейді. Сонымен бірге министрлік осындай сервистік жөндеу орталықтарын еліміздің өзге де өңірлерінде ашуды жоспарлап отыр.

Авторлары: Алмас Садуақас, Эдуарад Кон

Хабар 24 телеарнасы