Алматыда сотталғандарға туыстарымен кездесуге рұқсат етілді

Мегаполистің «қызыл аймақта» болуына байланысты соңғы жарты жылда істі болғандар жақындарымен жүздесуден қалған еді. Жуырда Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы шығып, жазасын өтеушілер ұзақ мерзімді кездесуге мүмкіндік алды.

ЛА 155/18 мекемесінде 52 азамат жазасын өтеуде. Олардың арасындағы сантехник, электрик, дәнекерлеуші, аспаздың көмекшілері түзеу мекемесінің шаруашылық жұмыстарына тартылған. Мұндағылар заң бойынша жылына үш рет туыстарымен кездесе алады. Алайда, індеттің қарқын алуына байланысты соңғы алты айда оған тыйым салынған болатын. Енді міне, кездесу қайта жанданды.

 Жазасын өтеуші:

– Мен осы мекемеде жазамды өтеп жатқаныма 6 ай болды. Бүгін туысқандарыммен кездесуге мүмкіндік алып жатырмын. Карантин уақытында кездесуге тыйым салуына байланысты видео арқылы телефон шалып, отбасымызбен сұхбаттасуға мүмкіндік берілген.

Жазасын өтеушілер коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін де алған. Талаптарға сәйкес, кездесуге келген туыстарында мерзімі 5 күннен кем емес теріс ПТР анықтамасы болуы тиіс. Ал вакцина алған жақындары тест анықтамасынсыз кездесуге келе алады.

 Әсет Жұмадиев, ЛА 155/18 мекемесінің басшысы:

–Қылмыстық-атқару кодексінің 92-бабына сәйкес, мекемеде сотталғандар шаруашылық жұмыстарға тартылады. Ұзақ мерзімді кездесуге тек осы жазасын өтеушілер ие бола алады. Кездесу үшін мекемеде 6 орын жасақталған. Оларға екі тәулік бірге болуға рұқсат етіледі. Туыстарының шешімімен бір тәулікке де қалуға болады. Жалпы Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес кездесу екі тәуліктен аспауы тиіс.

Кездесуге рұқсатты мекеме басшысы береді. ЛА 155/18 мекемесінде орташа және жеңіл қылмысқа барған азаматтар жазасын өтеуде. Олар мекеменің айналасын абаттандырып, тазалық жұмыстарына да үлес қосады.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Валентин Лобанов