«Байқоңыр» ғарыш айлағынан жаңа зымыран ұшырылады

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан жаңа зымыран ұшырылады
RT

«Байқоңыр» кешенінен «Союз-2» типіндегі жаңа ғарыш кемесі ұшырылады.

Бұл – Ресейдің аспан әлемін зерттеуге бағытталған жаңа жобасы. Ал оның қалдықтары Қостанай облысының Жанкелді ауданына түседі. Тасымалдағыш зымыран Поляр аймағына аттанады. Ғарыш кемесі мүлдем жаңа. Бұған дейін қолданылмаған. Сондықтан жобаны жүзеге асыру үшін Қазақстан Парламентінің рұқсатын алу қажет.

Бүгін Сенатта аталған заң жобасы қаралып, депутаттардың талқысына түсті. Зымыранның ұшырылымы және қалдықтардың бөлінуінен қоршаған ортаға айтарлықтай залал тигізеді. Соның есесіне Ресей үкіметі төлемақы төлеуге дайын. Егер зымыран жылына 3 рет ұшырылса, Қостанай облысы Жанкелді ауданының әкімшілігіне 460 мың доллары көлемінде қаражат түседі. Келісім жобасы депутаттар тарапынан қолдау тапты.