Әлеуметтік кәсіпкерлер заң жүзінде жеңілдік алады

Елімізде әлеуметтік кәсіпкерлердің құқығы мен оларға көрсетілетін көмек заңдастырылды.

Бүгін Сенат отырысында бизнестің осы түріне жеңілдік жасау тәртібі қарастырылды. Егер кәсіпкер ерекше қажеттілігі бар адамдарға, зейнеткерлерге, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен көпбалалы аналарға және қандастарға қызмет көрсетсе немесе тауар өндірсе, төлейтін салығы азайтылады. Немесе несиесіне субсидия беріліп, мемлекеттік мүлікті жалға алу құны төмендетіледі. Гранттар да қарастырылуы мүмкін. Заң жобасы депутаттардың бастамасымен әзірленді. Сондай-ақ, отырыс барысында ерекше қажеттілігі бар балаларға инклюзивті білім беру мәселесі қаралды. Енді мектеп басшылары оларға барынша жағдай жасауға тиіс. Құқықтарын бұзса, заң алдында жауап береді.