427,01 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада 645 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

  • 149
Қызылордада 645 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

 

Қызылорда облысында жыл соңына дейін жалға берілетін 945 пәтерлі 54 үйдің құрылысы аяқталады.

Бұдан бөлек, Байқоңыр қаласында көппәтерлі 5 үйдің құрылысы жүргізіледі. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова айтты. Оның сөзінше, әлеуметтің әлсіз тобына жататын отбасыларға 342 үй беріледі. Оған мемлекеттік бюджет есебінен қаражат қарастырылған. Сондай-ақ қазір аймақта ипотекаға берілетін 44 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Ал инвесторлардың қаражатына 248 пәтер салынып жатыр деді облыс әкімі.

Гүлшара Әбдіқалықова, Қызылорда облысының әкімі:

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес құрылыс салушылар, банктер және өзге де мүдделі ұйымдармен тұрғын үй саясатын дамытудың жаңа бағыттарын, оның ішінде жеке тұрғын үй қорында кезекте тұрғандар үшін жалдау ақысын субсидиялау тетігін енгізуді талқылаудамыз. Жыл соңына дейін жеке тұрғын үй құрылысын қосқанда, шамамен 645 мың шаршы метр тұрғын үй беруді жоспарлаудамыз.

 

 

Хабар 24 телеарнасы