Қандас мәртебесін алушыларға бір терезе қағидасы жұмыс істейді

Жыл басынан бері 7 мыңға жуық адам қандас мәртебесіне болды. Былтыр елімізге 13 мың этникалық қазақ қоныс аударған.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі келтірген мәлімет бойынша тарихи отанына қайтып келгендер бүгінде халықтың алты процентін құрап отыр. Яғни тәуелсіздік жылдары бір миллионнан астам қазақ атамекеніне оралған. Еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету мақсатында биыл 1234 қандас Павлодар, 654-і Солтүстік Қазақстан облысы, 700-ден астамы Шығыс және Қостанай облыстарына орналастырылды.

Мәлім болғандай, құзырлы ведомство көші-қон процесін тиімді жүргізу мақсатында 2026 жылға дейінгі Қазақстанның көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын қабылдамақ. 

Серік Шәпкенов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Төрешілдік пен әуре-сарсаңға салынбас үшін қандастарға мемлекеттік қызмет көрсету кезінде барлық рәсімдер бір терезе қағидаты бойынша іске асырылатын болады.