427,01 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Пойыз жолаушысынан 116 млн теңгені қолды еткендер ұсталды

  • 59
  • UPD: 16:46, 10.06.2021
Пойыз жолаушысынан 116 млн теңгені қолды еткендер ұсталды Lada.kz

Көлік полициясы 117 млн теңгеге жуық қаражатты ұрлап кеткен азаматты ұстады.

31 мамырда Қостанай-Алматы бағыты бойынша келе жатқан пойыз жолаушысы қомақты ақша салынған сөмкесін жоғалтады. Полицияға хабар түсе сала жедел тергеу тобы құрылған. Олар теміржол нысандары мен жақын маңдағы елдімекендерді түгел аралап шықты. Куәгерлер күдіктінің фотороботын дайындауға көмектескен. Ал 8 маусымда Нұр-Сұлтан қаласындағы көлік полициясы қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікке іліккен үш азаматты ұстаған.

Тергеу барысында олардан 12 миллион 620 000 теңге мен 198 500 АҚШ доллары тәркіленді. Қалған ақшаға екі көлік сатып алынған. Қазір күдіктілер қамауға алынды. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы