Қызылорда облысында 106 вакцина егу бөлмесі жұмыс істеуде

Қызылорда облысында жыл соңына дейін жалға берілетін 945 пәтерлі 54 үйдің құрылысы аяқталады. Бұдан бөлек Байқоңыр қаласында көп пәтерлі 5 үйдің құрылысы жүргізіледі. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова айтты. Бұдан бөлек аймақ басшысы жиында өңірдегі өзге де өзекті мәселелерге тоқталды.

Биыл аймақта әлеуметтің әлсіз тобына жататын отбасыларға 342 үй беріледі. Оған мемлекеттік бюджет есебінен қаражат қарастырылған. Сондай-ақ өңірде қазір ипотекаға берілетін 44 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Ал инвесторлар қаражатына 248 пәтер салынып жатыр деді облыс әкімі.

Гүлшара Әбдіқалықова, Қызылорда облысының әкімі:

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, құрылыс салушылар, банктер және өзге де мүдделі ұйымдармен тұрғын үй саясатын дамытудың жаңа бағыттарын, оның ішінде жеке тұрғын үй қорында кезекте тұрғандар үшін жалдау ақысын субсидиялау тетігін енгізуді талқылаудамыз. Жыл соңына дейін жеке тұрғын үй құрылысын қосқанда шамамен 645 мың шаршы метр тұрғын үй беруді жоспарлаудамыз.

Облыс әкімі аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға да тоқталды. Қазір өңірде дәрі-дәрмектің қоры екі айға жетеді. Бұдан бөлек препарат сатып алуға жергілікті бюджеттен 488 миллион теңге бөлінді деді Гүлшара Әбдіқалықова. Облыс көлемінде 106 епке бөлмесі жұмыс істеп жатыр.   

Гүлшара Әбдіқалықова, Қызылорда облысының әкімі:

- Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауы аясында берілген тапсырмаларды іске асыру, мемлекет пен қоғамды жан-жақты жаңғырту бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. Өңір бүгінде жасыл аймақта болса да пандемиямен күрес негізгі міндет болып қала береді. 

Бірінші ақпаннан бастап Қызылордаға вакцинаның бірінші бөлігінің 130 мың данасы жеткізілген. Ал екінші компоненттің 87300 данасы бар. Екпе қабылдаушыларға отандық «казвак», Сауд Арабиясының «хаят вакс» және ресейдің «спутник ви» вакциналары ұсылынып жатыр.