Елімізде картоп бағасы неге қымбат

Елімізде картоп бағасы неге күрт өскені белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов бұған картоп экспорты әсер етті деп отыр. Айтуынша, былтыр 360 мың тонна картопты өзге елдерге тасымалдаппыз. Биыл сол қарқын тіпті үдей түскен. Жыл басынан бері шаруалар 69 мың тонна картопты экспорттапты. Соның кесірінен елде картоп тапшы бола бастаған. Ізінше баға да күрт өсіп кеткен. Бақыт Сұлтанов: «бұл мәселе жылда қайталанады, бірақ Ауыл шаруашлығы министрлігі мен жергілікті әкімдіктер бұл мәселеге бас қатырғысы келмейді», – деді.