Маңғыстаудағы елді мекендерді құм басып жатыр

Маңғыстаудағы Жарма, Сазды елдi мекендерiн құм басып қалу қаупi бар. Бұл туралы облыс әкімі Серікбай Тұрымов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты.

Сан жылдар бойғы бұл мәселе уақытша ғана шешіліп отыр.

Аймақ басшысының айтуынша, құмның көшуін әзірге өңірдегі ірі мұнай-газ компанияларының техникалық қолдауымен ғана тоқтатып отыр. Мәселенi шешудiң бір ғана жолы бар. Яғни құмды өлкеге сай өсімдіктер отырғызу қажет. Сексеуіл, жыңғыл, жүзгiн секілді бұталарды қоршау жасау арқылы өсірсе ғана қауіптің беті сейілмек. Бұл үшін 430 млн теңге көлемінде жобалық-сметалық құжаттама жасақталған. Қаражат бөлінсе мәселе шешімін тапқалы тұр.