Алматыда бір тәулікте 3631 адам вакцина алды

Алматы қаласында өткен тәулікте 3631 адам вакцина алды. Ал жыл басынан бері 325 мыңнан аса адам коронавирусқа қарсы екпе салдырған.

Бүкіл әлемді алқымнан алған ауруды жоюдың жалғыз жолы – бұл вакцина. Осы бастаманы қолдаған Алматы қалалық Жас Отан жастар қанаты бұл індетті жеңуде екпенің рөлі туралы әртүрлі шаралар өткізіп келеді. Басты мақсат қоғамдық иммунитетті қалыптастыру, дейді олар. Жастар қала тұрғындары арасында сауалнама жүргізіп, вакцинация туралы алып-қашпа әңгімелерге дәрігер-ғалымдардың сұхбаты арқылы жауап берген. Оған қоса қаладағы екпе кабинеттерінің мекен-жайлары жазылған ақпараттық қағаздар да таратылып тұрады.

Нұрсұлтан Бекқайыров, қалалық «JAS Otan» жастар қанатының төрағасы:

- Вакцина басталғалы бері түрлі акциялар өткіздік, түрлі түсіндіру жұмыстарын да жасадық. Айта кететін болсақ, осы вакцина осы коронавирустан құтылатын төте жол, деп жастар акциясын ұйымдастырдық. Ол жергі басты мақсат – түсіндіру. Өйткені қазір қоғамда алып-қашпа әңгімелердің көп екенін білесіздер. Егер біз вакцина арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастырсақ біз бұрыңғы өмірімізге тезірек келеміз.

Сондай-ақ...