Алматыда қылмыстық топ 8 млрд теңгеден астам сомаға салықтан жалтарған

Алматыда қылмыстық топ 8 млрд теңгеден астам сомаға салықтан жалтарған
Mail.KZ

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті материалдық сыйақы үшін жалған шот-фактуралар мен бастапқы бухгалтерлік құжаттарды жазып берумен айналысқан, 7 адамнан құралған қылмыстық топ іс-әрекетінің жолын кесті.

ҚР ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, үш жыл ішінде ҰҚТ бақылауындағы 19 компанияның шоттарын пайдалана отырып, коммерциялық ұйымдарға 8 млрд теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтару бойынша қызметтер көрсеткен.

Төрт ұйымдастырушы 6,5 жылға сотталды, үш сыбайлас 3 жылдан 4 жыл және 8 ай мерзімге шартты түрде сотталды.

Қылмыстық іс бойынша айыпталушылардың 200 млн теңгеден астам сомаға жылжымалы және жылжымайтын мүлкі мемлекет кірісіне тәркіленді.