Атырауда бір отбасы мүшелерін қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Атырауда бір отбасыны қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақат ауданы Доссор кентінде 31 мамыр күні түнгі сағат 01:10 шамасында Toyota Sequoia көлігін тізгіндеген 1988 ж.т. жүргізуші жолдан өтпек болған 1988, 1996, 2014, 2020 ж.т. бір отбасының төрт мүшесін қағып, оқиға орнынан бой тасалаған.

– Іс бойынша жүргізілген жедел-тергеу амалдарының нәтижесімен күдікті анықталып, ұсталды. Аталған дерек бойынша 345-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.