426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда тұрғын үйді ипотекалаудың жаңа механизмі пайда болады

  • 133
  • UPD: 15:14, 11.06.2021

Елде тұрғын үйді ипотекалық несиелеудің жаңа механизмі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімет, Ұлттық банк және «Бәйтерек» басқарушы холдингі бірлесіп, «Баспана хит» және «7-20-25»-тің орнына балама бағдарлама ойлап табуы тиіс. Онсыз халықтың ипотекалық тұрғын үйге қол жеткізуі қиындай түседі. Нарықта «Баспана хит» және «7-20-25» жоғары сұранысқа ие болатын. Ұлттық банк мәліметі бойынша бұл екі бағдарламаның аясында 87 мың қазақстандық жеке пәтерге кірді. Енді қаржы нарығын реттеуші ұйым ипотекалық несиелеудің басқа да жолдарын іздеуге кірісті. Нақты қашан жарияланатыны белгісіз.

Айта кетейік, елде Үкіметтің бастамасымен жүзеге асатын «Нұрлы жер» бағдарламасы да бар. Оның аясында әкімдік кезегінде тұрғындарға әлеуметтік тұрғын үй беріледі. Сондай-ақ «Отбасы» банк аясында іске қосылған «Әскери баспана», «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағларламалары жүзеге асады.

Хабар 24 телеарнасы