427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл елімізде 248 жасөспірім өзіне қол жұмсамақ болды

  • 61
  • UPD: 15:10, 11.06.2021

Жыл басынан бері елде кәмелеттік жасқа толмаған 84 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсап, өмірмен қош айтысты.

Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, жалпы 248 жасөспірім өзіне қол жұмсамақ болды. Полиция қызметкерлерінің арқасында 164-і құтқарылды.

Ерлан Тұрғынбаев, ҚР Ішкі істер министрі:

- Әрбір үшінші оқиғаның себебі жасөспірімнің ата-анасы немесе туыстарымен ұрысып қалуы. 12%-і өзін жалғыз сезініп, өмірмен қоштасқысы келеді. 10%-і достарына ренжіген. 3%-і оқу орнына, және тұрмыс жағдайына көңілі толмай өз-өзіне қол жұмсайды.

Хабар 24 телеарнасы