Елімізде электросамокатпен жүруге шектеу қойылады

Елде электросамокатпен жүруге шектеу қойылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы бұрыннан қала ішіндегі яки сырттағы тас жолдарда электросамокатпен жүруге болмайтынын Ішкі істер министрі атап өтті. Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, бұл тасымал құралы жолда жүретін транспортқа жатпайды. Себебі, оның сертификаты жоқ. Екіншіден, олар көлікке қойылатын талаптарға сай емес. Сондай-ақ велосипед пен жаяу жүргіншілерге арналған жолда жүруге де тыйым салу мәселесі қаралып жатыр. Себебі самокаттар сағатына 20 шақырымнан жоғары жылдамдықпен жүйітки алады. Бүгінде тиісті мемлекеттік орган өкілдерінен тұратын жұмыс тобы құрылған. Осыған сәйкес алдағы уақытта заңға өзгерістер енгізілуі мүмкін.