426,83 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Yutong компаниясы өз тұтынушыларына тегін техникалық қызмет көрсетеді

  • 70
  • UPD: 16:07, 11.06.2021

Жайлы, ыңғайлы, оған қоса, экологияға зиян көп келтірмейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Yutong компаниясы шығарған қоғамдық көліктерге жолаушылар мен тасымалдаушылардың берген бағасы осындай. Расында компания әлем бойынша ірі автобус өндіруші ретінде танымал. Ал, Қазақстан нарығында 11 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазір елімізде Yutong маркалы 3,5 мыңға жуық автобус бар. Зауыт өкілдері тұрақты түрде тегін техникалық қызмет көрсету шараларын өткізіп тұрады.

Yutong маркалы автобустар 30-дан астам елде пайдаланылады. Техника қоғамдық тасымалдау саласындағы әлемдік сапа стандарттарына сәйкес келеді. Автобус мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандуспен, орындармен, электронды билет беру және бақылау жүйесімен жабдықталған.

Ли Хайфэн, Yutong компаниясының Орталық Азия бойынша сату департменті директоры:

- Бізді таңдаған әріптестеріміз бен тұтынушыларға алғысымызды білдіргіміз келеді. Осы ретте Yutong маркалы автобустарға тегін техникалық қызмет көрсету акциясын өткізіп жатырмыз. Біздің компания үнемі даму үстінде. Көліктің бірнеше түрін шығарады. Соңғы уақытта табиғатты ластамайтын техника шығаруды қолға алдық.

Компания техника сатумен ғана шектелмейді. Жергілікті билікпен бірігіп, қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасын көтеруге қолдау көрсетпек. Яғни, кептелісті азайтып, жолаушылардың көздеген жеріне жылдам жетуіне атсалысады. 

Серік Жұмабеков, «Талап-Т» ЖШС техникалық директоры:

- Қазіргі уақытта бізде 65 автобус бар. Кілең барлығы марка – Yutong. Қазіргі уақытта біз екі модельді пайдаланамыз. Қазір соңғы уақытта гибридті автобус деген, соны сынап жатырмыз. Келешекте бізде таза электрлі автобус керек, әкімдік талап етіп отыр.

Yutong компаниясы да осыны көздейді. Соған байланысты қала экологиясына зиян келтірмейтін 12 метрлік 2 автобус түрін ұсынып отыр. Оның бірі гибридті, екіншісі табиғи газбен жүреді. Автобус Қарағанды облысының Саран қаласында орналасқан «ҚазТехна» зауытында жиналады.

Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы