Ақтөбеде кітап керуені өтті

Ашық аспан астындағы шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан көрмеде негізінен ел тарихы мен қазақ әдебиеті шығармалары ұсынылды. Дегенмен қала көшесіндегі көрмеден кез келген оқырман жанына жақын кітапты таба алады. Санитарлық талаптарға байланысты соңғы 1 жыл ішінде бірқатар шектеуге тап болған кітапханашылар «оқырмандармен осылайша қайта жүздесіп жүрміз», дейді. Тұрақты кітапсүйер тұрғындарды айтпағанда, мектеп оқушылары мен жастардың да қызығушылығы артқаны байқалады. Сондықтан мұндай шараны алдағы уақытта да жиі өткізу көзделіп отыр.

Ақжібек Кеншінбаева, С.Маршак атындағы кітапхана меңгерушісі:

- Саябақ демалушыларына арналған, әр жастағы оқырмандарға арналған. Үлкен қариядан бастап балаға дейін барлық оқырмандарға арналған аудармалар да бар. Балаларға да арналған бар. Барлық жанрлар. Детективтер де бар, проза да бар. Өлкеміздің ақын-жазушыларының да кітаптары бар.