Петропавлда медбике ауруханада жатқан науқасқа тамақты ыдыссыз берген

Онсыз да сіркесі су көтермей жатқан ауру адам бұл келеңсіздікті әлеуметтік желіге жариялады.

Бейнетүсірілімде медбикенің ыдыс-аяқты қалай болса солай жуып жатқаны анық көрінеді. Осыған байланысты емдеу мекемесінің қызметкерлері түсінік берді. Айтуынша, кінәлі медбике бұл жерде 10 жылдан бері жұмыс істейді. Бұған дейін оған қатысты ешқандай арыз-шағым түспеген. 

- Почему мне положили как собаке на тумбочку?

– А куда тебе должна я положить?

– А что тарелки при этом не раздаются?

– Нет. Тарелок у нас нет.

Галина Кокишева, қалалық көп салалы аурухананың бас мейірбикесі:

- Біз шара қолдандық. Бұл жағдайға байланысты жиын өтіп, сөгіс беру туралы шешім қабылданды. Қазір ол басқа жерге ауысты. Кінәсін түсінді. Науқастан кешірім сұрадық.